«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола және оның командасы «Ливерпуль» чемпион атанған жағдайда «чемпиондық дәліз» ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап

Ағылшын премьер-лигасындағы үзіліс кезінде «Ливерпуль» «Ситиден» 25 ұпай алда болған.

Келесі екі турда «Ливерпуль» «Эвертон» және «Кристал Пэлас» командаларымен ойнайды. Одан кейін «Манчестер Ситимен кездеседі». Теориялық тұрғыдан, егер екі команда да екі ойында жеңіске қол жеткізсе, Премьер-Лиганың осы маусымдағы чемпиондар дәрежесіндегі алғашқы матчты Юрген Клопп шәкірттері Манчестер Сити стадионында өткізеді.