Халықаралық үстел теннисі федерациясы Swaythling Club-пен (Бұрынғы әлем чемпиондарының ассоциациясы) келіссөзден соң әлем чемпионаты жөнінде шешім қабылданды.

Ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылдың сәуір айына ауыстырылды. Байрақты бәсекені Францияның Бордо қаласы қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық үстел теннисі федерациясы командалық әлем чемпионатын келер жылға шегерген болатын.