«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский мен «Оқжетпестің» жаттықтырушысы Андрей Карпович Ресей Федерациясының футбол одағының Тренерлік шеберлік академиясында «Pro» санатқа емтихан тапсырды.

Алексей Шпилевскиймен бірге Pro санатына емтиханды «Оқжетпестің» бас жаттықтырушысы Андрей Карпович, «Қайрат», «Елімай» және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Виталий Кафанов пен Мұрат Ысқақов сәтті тапсырды. 2014 және 2015 жылдары Кафанов пен Ысқақов Қазақстан құрамасында Юрий Красножанның бапкерлер құрамына кірді.

УЕФА-ның Pro санаты жаттықтырушыға барлық Еуропа чемпионаттарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін өтініш беруші «А» және «В» лицензиясын алуы керек.