Туриндік «Ювентус» өз стадионында «Миланды» жеңе алмаса да, Италия Кубогының финалына жолдама ала алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Туриндегі кездесу 0:0 есебімен аяқталды, ал 13 ақпанда Миланда өткен бірінші матчта 1-1 есебі тіркелген еді. Қонақта соғылған голдың көмегімен "кәрі сеньора" Италия Кубогының финалына жолдама алды. Маурицио Сарри шәкірттері ақтық кездесуде «Наполи» мен «Интер» арасындағы текетірестің жеңімпазымен кездеседі.

Италия кубогы. 1/2 финал. Екінші матч

"Ювентус" (Турин) - "Милан" (Милан) 0-0 (бірінші матч 1-1)