Ла Лига президенті Хавьер Тебас маусымның қайта жанжануына дейін карантин шарттарын бұзған футболшылардың әрекеттері туралы айтты, деп хабралайды Prosports.kz.

Бұған дейін қорғаушы Нельсон Семеду әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтамағандықтан, «Барселонаның» жаттығуынан шеттетілгені белгілі болды. Бұған дейін «Севильяның» төрт ойыншысы мен «Реал» шабуылшысы Лука Йович «көзге түскен».

Тебас осындай жағдай қайталанса, клуб ойыншылары базада оқшауланады деп қорқытты.

«Біз шектен шыға қоймаймыз деп үміттенеміз, бірақ ойыншылар барбекю мен кештерге баруды тоқтатпаса, біздің оқшаулаудан басқа амалымыз қалмайды», - дейді Tебас L'Équipe басылымына берген сұхбатында.