«Барселона» футбол клубының бейсенбі күнгі жаттығуына қорғаушы Нелсон Семеду қатысқан жоқ, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық футболшы карантин ережесін бұзып, досының туған күн қонағасысына қатысқаны үшін командалық жаттығудан шеттетілді.

Бірақ коронавирусқа қарсы тексерілген соң, Семедудің вирус жұқтырмағаны анықталды. Демек ол жұма күнгі топтық жаттығуға қатыса алады.

Айта кетейік, Семеду 20-дан көп адам жиналған сауықкешке қатысқаны үшін сынға қалған болатын.