Футболдан Чемпиондар лигасының осы маусымы Лиссабонда «Сегіздік финал» форматында аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz Sky Sport Italia-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Еуропа лигасының қазіргі жеребесі Германиядағы кесте бойынша ойналады. Еуропа Суперкубогын Будапешт қаласы қабылдайды. Испанияда әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының «Сегіздік финал» өтеді.

Сонымен қатар Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы жауап матчтары «Ювентус» - «Лион» және «Барселона» - «Наполи» сәйкесінше Туринде және Барселонада өтеді.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясының таралу қаупіне байланысты тоқтатылды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Чемпиондар лигасы-2019/20 маусымының қалған бөлігі Стамбулда өтуі мүмкін екенін хабарланған еді.

Бұған дейін УЕФА 17 маусымда атқарушы комитеттің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайды.