Американдық теледидар академиясының ресми сайты хабарлағандай, жақында өмірден озған «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының аты аңызға айналған баскетболшысы Коби Брайант «Эмми» сыйлығымен марапатталды, деп жазады Prosports.kz.

Марапаттау рәсімі 18 шілдеде өтеді.

«Теледидар академиясы баскетбол аңызы және филантроп Коби Брайанттың Эмми сыйлығына ие болғандығын қуана хабарлайды», - деп хабарлады ұйым Twitter-дегі парақшасында.

Брайант спорттық мансабында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында ойнады. Командамен бірге ол Ұлттық Баскетбол Ассоциациясының (НБА) бес чемпиондық титулын жеңіп алды. Ұлттық құрамамен екі мәрте Олимпиада алтынына ие болды.

Коби Брайант осы жылдың қаңтарында Калабасас қаласының маңында тікұшақтың апатқа ұшырауынан (Калифорния, АҚШ) қайтыс болды. Бортта оның қызы Джианна және тағы жеті адам болған.

Естеріңізге сала кетейік, Эмми сыйлығы Америка Құрама Штаттарындағы теледидар саласындағы басты сыйлық болып табылады, жыл сайын оны Американдық теледидар академиясы ұсынады.