Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясымен бірігіп жалғасатын Қазақстан чемпионатына ойындарды өткізуге рұқсат беру мақсатымен стадиондарды тексеруді бастады. Бұл шара отандық ареналарда COVID-19 вирусының таралуының алдын алу Протоколының талаптарына сәйкестігін және футбол алаңдарының жағдайын тексеруге бағытталған.

Мемлекеттік органдар, ҚФФ және ҚКФЛ арасында келісілген чемпионатты жалғастыру шарттарына сәйкес отандық футбол клубтар коронавирус инфекциясының стадиондарда таралуының алдын алу шараларымен қамтамасыз ету қажет.

Алғаш болып Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионы тексерістен өтті. Бұрын бұл аренада алаң сапасының төмендігіне байланысты ойындар өткізуге тыйым салынған. Алаңдарды тексеру Комиссиясының ұсынымдарына сәйкес стадион әкімшілігі кемшіліктерді жою жұмыстарын өткізді:

- Тарау және қопсыту арқылы қабаттап түйіршіктер алынды;

- Алаң бойындағы және белгілерінің тігістері тексерілді. Жыртылған жерлері желімдеп қайта жабыстырылды;

- Сапа тараптарына сәйкес келмейтін түйіршіктердің үлкен бөлшектерін жою мақсатымен жиналған түйіршіктер қайта шашылды, фракциясы 1-2 мм болатын сапасына жоғары жаңа материал төселді;

- Жабыстырылған тігістерге құммен және кезеңімен жаңа түйіршіктер шашылды;

- Түйіршіктер шашудың әр кезеңінен кейін алаңды тарау және қопсыту жұмыстары жүргізілді, драгматпен тегістелді.

ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев «Қарасай» стадионын тексеру жұмыстарын қорытындылады:

- Жалпы ауқымды жұмыс атқарылды, алаң сапасына байланысты барлық кемшіліктер жойылды. «Қызыл-Жар СК» клубы маусымның аяғына дейін ойындарды аталған стадионда өткізуге рұқсат алады. Бірақ алдағы уақытта төсенішті алмастыру қажет. Карантинге байланысты Чемпионаттың тоқтатылуы клубқа тиімді болды. Егер жарыс жалғасын тапқанда «Қызыл-Жар СК» бірнеше ойындарын стадион талаптары сәйкес келмегендіктен, басқа алаңда өткізетін еді, яғни жанкүйерлер сүйікті командасының ойындарын өз көздерімен көре алмайтын еді. Бұл жағдайда стадион басшылығы мен Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы стадиондағы кемшіліктерді жою жұмыстарын неге жасамады деген сұрақ туындайды, өйткені бұл кемшіліктер 2019 жылдың тамыз айында болған тексеріс барысында айтылған еді. Сол кезде маған барлық кемшіліктерді жоямыз деген уәде берілген.

Инфрақұрылымның сәйкес келмеуіне байланысты командадан турнир кестесінде ұпай шешу туралы ереже заңгерлермен келісілді. Келесі маусымда мұндай олқылықтары бар командалар кемшіліктер жойылмағанша, ұпай алумен жазаланатын болады.

Сонымен қатар жаңа эпидемиологиялық талаптарға сай біздер қосалқы ойыншыларды трибунада отырғызуға, командалардың шешінетін бөлмесін дұрыс жоспарлауға, бөлмелерді әрдайым дизенфекциялауға, стадион қызметкерлеріне санитарлық шараларды сақтауға кеңес бердік. Бұл талаптарды қатаң түрде сақтау – бұл футбол ойындарын қазіргі кезде өткізудің басты шарты.

Әрине, инфрақұрылымды дамыту барысында Қазақстанда табиғи төсеніші бар алаңдардың көп болған жақсы, бірақ еліміздің бірнеше аудандарында климаттық жағдай бұл жоспарды жүзеге асыруға қиындық тудырады. Бұл жағдайда балама ретінде жасанды төсенішті қарастыру қажет, бірақ мұндай алаңдар сипаттамалары жағынан табиғи төсенішке максималды ұқсас болып, ойыншылардың денсаулығына зақым тигізбеуі тиіс. Жаңа заманға сай соңғы буынды жасанды төсеніштердің арнайы сертификаты бар. Жаз мезгілінде пайдалану кезінде мұндай алаңдар міндетті түрде автоматты су себу жүйесімен жабдықталуы тиіс. Айтылған ойды қорытындылай келе, біздер синтетикалық алаңдарға әрдайым қатаң талаптар қоямыз.

Қазіргі таңда бізді Ақтау қаласындағы «Жас Қанат» стадионының төсеніші алаңдатады. Стадионның лицензиясы бар, бірақ бүгінгі таңда аренаның жасанды алаңы бізді толғандырады. Сонымен қатар «Жетісу» стадионының қосалқы алаңы бізді қанағаттандырмайды, сол себептен бұл аренада ойындарды өткізуге тыйым салынған ықпалшаралар сақталуда. Жақын арада біздер аталған қалаларда қосымша тексерістер жасауды жоспарлап отырмыз.