«Астананың» бас директоры Михаил Гурман коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін енгізілген карантин режимі аяқталғаннан кейін клубтың футбол орталығын қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Футболмен айналысатын балаларымыз үшін клуб барлық қиындықтарға қарамастан футбол орталығын іске қосуға тырысты. Жаттығуға рұқсат берілген сәттен бастап осы жұмысты қолға алдық.

Қазір балалардың температурасы күн сайын өлшенеді, жаттығудан бұрын және кейін қолдарын тазалауды сұраймыз. Тікелей байланыстар санын азайтып, топтардың бір-біріне өтіп кетуіне жол бермеуге тырысамыз», - деді Гурман.