Беларусь қорғаушысы Роман Достанко «Сарыарқа» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 26 жастағы хоккейші Минскінің «Динамосында» ойнады. КХЛ тұрақты маусымында 20 матч өткізіп, 3 (1 + 2) ұпай жинады. Қорғаушы сонымен қатар, Солигорскнің «Шахтерінде» де ойнаған (34 ойын 9 (1 + 8) ұпай).