Бокстан Қазақстан әйелдер құрама командасы «Ақ бұлақ» Олимпиада орталығында оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Спорттық нысанға негізгі және қосалқы құрам сапортшыларымен бірге команда дәрігері де келді. Эпидимиологиялық талапқа сәйкес 24 спортшы арнайы тексерістен өтіп, жаттығуға кірісті.

Бас бапкердің айтуынша, аталған жаттығу жиынында жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөледі. Жаттығу жиындары 26 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетерлігі, Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командасы ұзақ үзілістен кейін бірінші рет оқу-жаттығу жиындарына жиналып отыр.