«Бейбарыс» хоккей клубының қатары тағы бір шабуылшымен толықты.

Ресейлік Александр Воробьев атыраулық клубтың қатарын толықтырды. 25 жасар Омск хоккей мектебінің түлегі былтырғы сезонда «Алматы» сапында ойнаған.

Қазақстан чемпионатында 62 ойын өткізіп, 42 (20+22) ұпай жинаған. Сонымен қатар, команданың үздік бомбардирі атанып үлгерген.