Аса ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпионы Тайсон Фьюри өзін тарихтағы ең ұлы боксшы деп атады.

– Кейінгі мың жылда маған төтеп бере алатын не жеңетін боксшы болған емес. Мен – ғаламшарда бұрын-соңды өмір сүрген ең ұлы боксшымын. Сыпайы болғанымнан осылай ғана айтып тұрмын. Мен жұдырықтасу үшін туғанмын, - деді Тайсон Фьюри BoxingScene басылмына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 31 жастағы боксшы мансабында 31 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Бір ғана кездесуінде қарсыласымен тең түссе, қалған барлық жекпе-жегінде жеңістің дәмін татқан.