53 жастағы украиндық маман Олег Солодовник келісімшарттың аяқталуына байланысты «Ақтөбе» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Солодовник «Ақтөбемен» 2017 жылы келісімшартқа отырды. Бапкердің басшылығымен төрт маусымда «ақ-қызылдар» Қазақстан кубогында топ жарып, Ұлттық чемпионаттың күміс және қола жүлдегері атанды.

Сондай ақ клуб өз тарихында алғаш рет футзал бойынша еуропалық маңызды турнирге - Чемпиондар Лигасына қатысты.