ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе клубпен жаңа келісімшарт жасасудан бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, 21 жастағы футболшы париждік клубтың келісімшарт мерзімін ұзарту туралы ұсынысынан екі мәрте бас тартты.

Бұл жағдай Мбаппені сатып алуды жоспарлап жүрген «Реал Мадрид» секілді клубтар үшін жағымды жаңалық болғаны сөзсіз. Егер француз футболшысы қазіргі командасымен келімшарт мерзімін ұзартпаса, оны сатып алу оңалай түседі.

Айта кетейік, Мбаппенің қазіргі клубымен келісімшарты 2022 жылға дейін жарамды.