Польшалық боксшы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты.

«Менде команда жоқ еді. Қазір менде үздік бапкер, массажистер, диетологтар бар... Жаттығуларымда өзімді аямаймын. Головкинмен рингте бар күшімді саламын. Қазақ менің шамамды көрсететініне қуаныштымын», - деді Шеремета.

Сұхбат барысында поляк боксшысы Головкинге қарсы жекпе-жекте ешкім фаворит бола алмайтынын мәлімдеді.