Журналист Кевин Палмер Англия Премьер-лигасында соңғы 5 жылда трансферге көп ақша жұмсаған клубтар рейтингісін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Трансфер қаражатын есептеу үшін ол Transfermarkt порталынының мәліметтерін қолданған. Рейтингіні «Манчестер Сити» бастаған, клуб соңғы бесжылдықта 602 миллион фунт жұмсаған. Үштікке «Манчестер Юнайтед» (484,8 млн фунтов) пен «Арсенал» (267,8 млн) енген.

Айта кетейік, АПЛ-дің қазіргі көшбасшысы және 2018/19 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Ливерпуль» 107,5 миллион фунт жұмсап, 14-орынға тұрақтады.