Германия екінші Бундеслигасының 30-шы турында «Штутгарт» өз алаңында «Оснабрюкпен» тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл матчқа Қазақстан құрамасының қорғаушысы Константин Энгель де қатысты. Футболшы алаңда 60 минут өткізді. Энгель үшін бұл жарақаттан ұзақ уақыт сауығудан кейінгі маусымдағы екінші ойын болды.

Айта кетейік, Энгель ойнайтын «Оснабрюк» турнир кестесінде 35 ұпаймен 13-ші орында тұр.