UFC ұйымы екі дивизионының бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор мәнсабын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің Твиттер-аккаунтында бұдан былай жекпе-жектерге шықпайтынын мәлімдеді.

«Сәлем, жігіттер, мен төбелестен кетуге шешім қабылдадым. Баршаңызға жақсы естеліктер үшін рахмет! Біз қандай жолдармен жүріп өттік! Міне, мына фотосуретке Лас-Вегаста әлем чемпионы атағының бірін жеңіп алған соң, анам екеуміз түскенбіз! Арманыңа қол соз, мен бәрін жақсы көремін! Нені қаласаң - сол сенікі!», — деп жазды Конор.

Conor McGregor@TheNotoriousMMA