Футболдан Қазақстан чемпионатының регламентіне бірқатар өзгерістер енгізілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

- Кездесу барысында бес ойыншы алмастыруға рұқсат етіледі, бірақ үш ретте алмастырып болу керек. Сонымен қатар қосалқы құрамдағы ойыншылардың тізімі 12 адамға дейін кеңейтіледі. Ал жазғы трансферлік кезең шілде айының екінші жартысында қарастырылады. Нақты уақыты кейінірек расталады. Өткен жылы жазғы трансфер кезеңі 26 маусым мен 24 шілде аралығында болған, - делінген «Жетісудің» хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚПЛ клубтары ел біріншілігі 1 шілдеден бастап жалғасатынын хабарлаған болатын.