Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қызылордалық «Қайсардың» 2020 жылғы маусымға арналған құрамында өзгерістер орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайсар» үш ойыншысымен қоштасты. Олар - қақпашы Александр Григоренко, қорғаушы Алексей Шумских және жартылай қорғаушы Иван Пешич.

35 жастағы Украинада туған қазақстандық қақпашы Григоренко «Қайсар» сапында бірнеше маусым өнер көрсетті.

Ал 29 жастағы ресейлік Шумских пен 28 жастағы хорватиялық Пешич «Қайсарға» биыл жыл басында ауысып келген.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының алғашқы екі турында «Қайсар» павлодарлық «Ертіс» пен көкшатаулық «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңген. Бірақ павлодарлық клуб турнирден шығып қалғандықтан, бұл жеңіс есепке алынбайды.

Олжас Абраев: Маусымның қалған бөлігінің күнтізбесі 20 маусымнан кейін шығады

УЕФА Еуропа лигасының үздіктер рейтингіне қазақстандық клубтарды қосты

«Ертіс» ҚПЛ-ға қатысудан бас тартты