Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады.

Дәл қазіргі уақытта боксшы отанында сенатор қызметін атқарады. Енді ол 2022 жылы өтетін президент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, жақында Пакьяоның жаттықтырушысы Фрэдди Роуч шәкіртінің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін айтқан еді.