«Астана» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы қашан жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады.

«Футбол қайта оралады! 1 шілде – ойындар өтетін уақыт ресми хабарланды. Матчтар күнтізбесі алдағы тур жақындағанда белгілі болады», – деп жазды елордалық клуб.

Бұған дейін ҚР Мәдените және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елдегі барлық спорт іс-шарасы 1 шілдеден бастап қайта жалғасатынын айтқан болатын.