Ресейлік шабуылшы Ильдус Сүлейманов атыраулық «Бейбарыс» қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz Shayba.kz сайтына сілтеме жасап

Дереккөздің хабарлауынша, 21 жастағы ойыншы атыраулықтармен келісімшартқа отырған. Келісім мерзімі көрсетілмеген.

Өткен маусымда «Рязаньның» экс-шабуылшысы команда сапында 39 ойын өткізіп, 38 (15+23) ұпай жинады. Сонымен қатар, ЖХЛ-дың 6 матчына қатысты.