«Барселона» келесі аптада шабуылшы Лионель Мессимен келісімшарттың мерзімін ұзарту бойынша келіссөз жүргізеді.

Қос тарап келесі аптада келіссөзді бастайды. Клуб тарапынан президенттің өзі Жозеп Бартомеу мен бас директор Оскар Грау қатысады.

Айта кетейік, Мессидің қазіргі келісімшарты 2021 жылдың соңына дейін жасалған.