Коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылған гольфтен «Азия туры» қыркүйек айында өтуі мүмкін.

8 наурыз Малайзияның ашық чемпионатынан кейін Азия турының қалған жеті кезеңі кейінге қалдырылған болатын.

Азия турының атқарушы хатшысы Чо Минн Тант LinksAsia ұйымдастырған вебинарда алдағы жарыс жоспары туралы айтып өтті.