Лондондық клуб "Лейпциг" шабуылшысы Тимо Вернермен құрамын күшейтпек.

Bild хабарлағандай, "Челси" 24 жастағы шабуылшымен келісімшарт жасасуға жақын. Келісім 5 жылға есептелген, футболшы бір маусымда 10 миллион еуро жалақы алады.

Осы маусымда "Лейпциг" құрамында Вернер барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 31 гол соқты.