UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макрегор америкалық Джастин Гэтжи мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетінін айтты.

– Ол қазір күте тұрып, Хабиб – Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасса дұрыс болар еді деп санаймын. Бұл ол үшін жақсы мүмкіндік болар еді, - деді Дэйна Уайт.

Айта кетейік, Конор Макгрегор қаңтар айында Дональд Серронмен жұдырықтасып, 40 секундта жеңіске жетті.