«Реал Мадрид» футбол клубының аңыз қақпашысы Икер Касильяс твиттерде жанкүйерлердің бірнеше сұрағына жауап берді, деп жазады Prosports.kz.
Мадридтік клубтың бұрынғы каптианы «Алтын доп» алуға лайықты испаниялық ойыншылар ретінде 4 адамның атын атады.
Олар: Рауль, Серхио Рамос, Андрес Иньеста және Хави.
Сонымен қатар «Реал» футбол клубының тарихындағы ең үздік 3 ойыншы кім деген сұраққа жауап берді.
- Қалай таңдау жасауды білмеймін. Бірақ екі үздік ойыншыны таңдау керек болса, Ди Стефано мен Криштиану Роналдуды айтар едім, - деді.
Комментарии