Ресей Чемпиондар лигасының шағын турниріне қатысуға өтініш береді, деп хабарлайды Prosports.kz Bild-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, УЕФА Чемпиондар лигасын ширек финалдан бастап бір елде ойнатуы мүмкін. Ол үшін турнир өткізетін ел 100 шақырым радиустағы төрт стадионмен қамтамасыз етуі керек.

Әзірге жалғыз өтінім беруші Германия (Айнтрахт, Майнц, Хоффенхайм және Дармштадт / Висбаден) екені белгілі. Португалия да өтініш беруге дайындалып жатыр.

Чемпиондар лигасын жалғастыру 2020 жылдың тамызына жоспарланған, бірақ форматы әлі белгісіз