«Барселона» клубының ойыншылары жалақыларын екінші мәрте қысқартуға наразылық білдірді.

23 мамыр күні клуб президенті Жозеп Бартомеу қаржылай қиын уақытта футболшылардың жалақысын азайтуды ұсынған. Алайда ойыншылар бас тартқан.

Соңғы үш айда «Барселона» футболшылары келісімшартта көрсетілген қаржының 17% алмаған. Осылайша каталондық команда 40 миллион еуроны үнемдей алды.