ҰБА маусымның аяқталу мерзімі туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN журналисі Адриан Войнаровски Twitter желісінде жария еткен.

Егер ҰБА маусымның жалғасуы бойынша ұсынылған форматты 22 командамен ойнауға келіссе, ол 31 шілдеде басталып, плей-офф сериясының жетінші матчы 12 қазаннан кешіктірілмей өтеді.

Бұған дейін 22 команданың қатысуымен НБА маусымын қайта бастау туралы шешім бейсенбі, 4 маусымда көпшілік дауыспен қабылданады деп хабарланған болатын.