«Сарыарқа» шабуылшысы Эдгарс Кулда новокузнецктік «Металлург» қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші қарағандылықтардың бұрынғы жаттықтырушысы Леонид Тамбиевтің қол астында өнер көрсетеді.

Алдыңғы тұрақты маусымның нәтижесі бойынша ол командадағы ең үздік 4 ойыншы қатарына енді.