Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайы әлі де ауыр. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің 57 жастағы әкесінің денсаулығы туралы Fight Nights Global басшысы Камил Гаджиев айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін мен Хабибтің досым сөйлестім. Ол ешқандай өзгерістің жоғын айтты. Жағдайы ауыр», - деді Гаджиев.

25 сәуірде Абдулманап Нурмагомедов Махачкалада пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды, ал жағдайы нашарлағаннан кейін оны Мәскеу қаласына шұғыл түрде жеткізіп, коронавирус диагнозы қойылды. Хабибтің әкесінің жүрегіне ота жасалып, артынша жасанды комаға түсті. Дәрігерлер Нурмагомедовтың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды.

Абдулманап Нурмагомедов - Ресей спортшысы, жаттықтырушы, еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ол 18 әлем чемпионын тәрбиеледі және елдің ең сәтті жауынгерлік самбо жаттықтырушысы ретінде Ресейдің рекордтар кітабына енгізілді. Оның көптеген шәкірті UFC және басқа да әлемдегі MMA ұйымдарының белді мүшелері.