Әуесқой бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы және Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Жаттықтырушы Қанат Алтаев Талғат Шайкеннің кәсіпқой рингтегі дебютіне дайындығынан видео жариялады. Ол тағы бір қазақстандық боксшы Рахат Сейітжанмен бірге жаттығып жатыр. Бапкер өз жабасында «кәсіпқой бокстың болашақ жас жұлдыздары» деп жазды.

Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан бөлек, Шайкен Венгриядағы халықаралық турнирде және Нұр-Сұлтандағы Президент Кубогында жүлдегер атанған. Ал Сейтжан кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен.