«Горняк» хоккей клубының бас бапкері қызметіне басты үміткер - Сергей Невструев, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Shaiba.kz хабарлады.

Невструев рудныйлық клубта 2010 жылдан 2014 жылға дейін жұмыс істеген. 47 жастағы маман соңғы екі маусымда «Ертіс» бас бапкерінің көмекшісі болды. Ал оған дейін «Алматы», «Номад» және Қазақстан жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеді.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі «Неман», «Торпедо», «Барыс» және «Горняк» командаларында өнер көрсеткен.