Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) слаломды есуден 21-23 тамызға жоспарланған Словакиядағы әлем кубогы кезеңінің өтпейтінін хабарлады.

Бұдан бұрын Италия мен Франциядағы кубоктік кезеңдер кейінге шегерілген болатын.

Осылайша, слаломды есуде 2020 жылғы маусым тұтастай өтпейді деуге негіз бар. Ал 1-6 қыркүйек күндері Словенияның Любляна қаласында өтуі тиіс әлем чемпионаты кейінге шегерілді.

Айта кетелік, бұған дейін байдарка мен каноэде есуден Германиядағы әлем біріншілігі де тоқтатылған болатын.