Испаниялық Marca басылымының хабарлауынша, әлемдегі ең қымбат футбол клубы - «Реал Мадрид» келесі трансферлік кезеңде жаңа ойыншылар сатып алудан бас тартады. Корольдік клубтың коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарысқа байланысты табысы кеміп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб өзінің шығындарын әр түрлі жолмен, мысалы, жалақыны қысқарту арқылы жабуға болатынын бағалап көрмек. Нәтижесінде «Реалдың» басшылығы жазда ешкімді сатып алмақ емес. Мадридтік қызықтырған ойыншыларға келесі жазға дейін күту ұсынылды.

Егер «Реал» өз ойыншыларын 150 миллион еуроға сата алса, онда Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд пен «Ренн» командасының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинганы сатып алуы мүмкін.