«Оренбургтың» сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотовичтен әлеуетті жұмыс берушілері оның жеке жалақысына байланысты бас тартып отыр.

Шабуылшының қазіргі клубымен арадағы келісімшарт мерзімі бүгін, 31 мамыр күні аяқталды. 28 жастағы футболшының ресейлік клубтағы жалақысы жылына 480 еуро болатын.

Ресейлік «Ростов», «Локомотив» және ЦСКА командалары, сондай-ақ түріктің «Трабзонспор» командасы ойыншыға қызығушылық танытып отырғанымен, дәл осындай қомақты жалақы төлеуден бас тартып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Деспотович Қазақстанда «Жетісу», «Тобыл», «Қайрат» және «Астана» командаларында ойнады

Алматылық команданың мүшесі ретінде Джордже ел кубогының иегері атанды, елордалық командамен бірге екі рет чемпионатты жеңіп алды, бір рет Қазақстан Кубогы мен Суперкубогына қол жеткізді.

2018 жылдан бастап Деспотович ресейлік «Орынборда» ойнап жүр. Transfermarkt мәліметінше, сербиялық шабуылшының нарықтық құны - 2 миллион еуро.