Италия А сериясының қалған бөлігі 20 маусымда жалғасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора мәлімдеген болатын.

Италиялық басылымдардың хабарлауынша, чемпионат басталғаннан кейін аптаның әр күнінде матч өтуі мүмкін. Оның үстіне маусым, шілде айларында күн ыстық болатындықтан, түстен кейін матч өтпейді.

Қазіргі жоспар бойынша, матч басталатын уақыт төмендегідей болады.

Дүйсенбі 21:00Сейсенбі 19:00Сәрсенбі 19:00, 21:00Бейсенбі 19:00, 21:00Жұма 21:00Сенбі 17:15, 19:30, 21:00Жексенбі 17:15, 19:30, 21:00.

Осылайша, 2 тамыздан бұрын чемпионат аяқталады.