Қырғызстан құрамасының қорғаушысы Валерий Кичин Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетуі мүмкін.

Отандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Валерий Кичинға ресейлік және қазақстандық командалар қызығушылық танытып отыр.

27 жастағы қорғаушы бұған дейін «Динамо», «Енисей», «Анжи» қатарлы бірқатар ресейлік клубтарда өнер көрсеткен.

TransferMarkt порталы футболшыны 950 мың еуроға бағалайды.