Ла Лиганың келесі маусымы 12 қыркүйек күні басталуы мүмкін. Бұл туралы El País басылымы хабарлады.

Лига басшылары жаңа маусымда матчтарды көрерменмен өткізуді жоспарлап отыр. Бастапқы кезде стадиондарды тек 30%-ке толтыруға рұқсат етіледі.

Егер коронавирусқа байланысты ахуал жақсара түссе екі айдан соң 50%-ке дейін көбейеді. Ал келесі жылдың басында стадионды лық толтыруға рұқсат береді.