Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов (11-3) Arlan MMA Pro Team кәсіпқой жауынгерлер командасымен келісімшартқа отырды.

– Арман Әшімов біздің команданың қатарына қосылды. Отбасыға қош келдің! Біз бұрынғыдан да мықтырақ бола түстік, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Arlan MMA Pro Team командасында отандық ММА спортының көшбасшылары – Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Арман Оспанов, Қайрат Ахметов сияқты спортшылар бар.