Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Ертіс» командасының ел чемпионатына қатысудан бас тартқанын мәлімдеді.

Бүгін ҚКФЛ мекенжайына «Ертіс» командасының қаржылай және спорт міндеттемелерін орындай алмайтындықтан Қазақстан Премьер-лигасына қатыспайтыны туралы хат келген.

Осыған байланысты «Ертіс» командасы Қазақстан Премьер-лигасына қатысушыларын қатарынан шығарылды.