Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Тұрысбек Еуропадан ұсыныс түскенін айтты.

– Агентім Еуропадан ұсыныс қарастыруды айтты. Түркия Бірінші лигасына баруды ұсынды. Одан кейін Сербияда қаралымнан өтуге шақырды. Алайда келген күні қонақ үйден құжатымды ұрлап кетті.

Крагуевац қаласындағы «Раднички» командасының сапында болдым. Алайда жаттықтырушымен келісе алмадым. Құжатымды қалпына келтіріп, Қазақстанға оралды. Сосын Венгриядан ұсыныс болды. Алайда ол жақпен де келісе алмадық, - деді Бауыржан Тұрысбек «Че травишь?» YouTube-арнасы берген сұхбатында.