ПСЖ қақпашысы Марчин Булка Польшада жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

L’Équipe басылымының мәліметі бойынша, футболшы Вышогруд қаласының маңында Lamborghini спорткарын жүргізіп келе жатып, басқа көлікп соқтығысқан. Қақпашы дін аман, алайда екінші автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

ЖКО сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні болған. Оқиғаға рөлге ие бола алмай қалған Булканың кесірінен болған. Тағы бір маңызды жайт, футболшы Lamborgini көлігін жалға алған.

Айта кетелік, 20 жастағы кипер ПСЖ клубына ағылшындық «Челсиден» ауысып келген