Түркиялық «Фенербахче» баскетбол клубы мен Грекия құрамасының қорғаушысы Костас Слукас «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грекиялық ойыншы жалақының қысқаруына байланысты түрік клубын кетуге ниетті. Осыған орай, мадридтік клубтың басшылары оны қатарға қоспақшы. Слуксқа жылдық жалақысы 6 миллион еуро болатын, үш жылға жарамды келісімшарт ұсынып отыр.

Айта кетейік, Костас «Фенербахчеге» 2015 жылы ауысып келді. Осы уақыт аралығында ол үш рет Түркия чемпионы атанып, бір рет ел кубогы мен Еуролиганы жеңіп алды.