Әуесқой бокстан Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясы боксшының кәсіпқой рингтегі дебютіне дайындығынан видео жариялады.

Айта кетейік, Құлахмет 28 наурыз күні Алматыда алғашқы жекпе-жегін өткізуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бокс кеші өтпей қалды.