KPMG аудиторлық компаниясы 2019 жылдың ең қымбат футбол клубтарының тізімін түзді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рейтингінің көшін «Реал» бастады. Мадридтік клубтың құны 3,478 миллиард еуроны құраған. Екінші орынға «Манчестер Юнайтед» (3,342) жайғасты. Ал үздік үштікті «Барселона» (3,193) түйіндеді.

Еуропаның ең қымбат 10 футбол клубы:

1. «Реал» – 3,478 миллиард еуро.

2. «Манчестер Юнайтед» – 3,342

3. «Барселона» – 3,193

4. «Бавария» – 2,878

5. «Ливерпуль» – 2,658

6. «Манчестер Сити» – 2,606

7. «Челси» – 2,218

8. «Тоттенхэм» – 2,067

9. «ПСЖ» – 1,911

10. «Арсенал» – 1,852